Атырау облысында өткен тәулікте 334 адамнан коронавирус анықталған

Атырау облысында өткен тәулікте 334 адамнан коронавирус белгілері анықталған. Оның 280 жағдайы облыс орталығына тиесілі.

Қазір стационарлық ауруханаларда 806 науқас жатыр, 53-і жансақтау бөлімінде. Тағы 1080 адам үйлерінде ем алуда. Мұнайлы өңірде аурудың бұлайша өршуіне тұрғындардың індетке жеңіл қарауы себеп. Әлі күнге дейін той-садақалар шектелмей келеді. Шілде айының алғашқы аптасында 1 мыңнан астам карантиндік шектеуді бұзу деректері тіркеліпті. Көпшілік шоғырланатын орындарда қарапайым санитарлық талаптар сақталмайды. Ал бастысы, екпе жұмыстары баяу. Бүгінге дейін вакцинаның қос дозасын аймақта 62 мың 500 тұрғын ғана алған. Атырау қаласы мен 7 ауданда 41 егу пункті жұмыс істеп тұр. Оның 10-ы жылжымалы кешен. Мобильдік топтар базарлар мен халық көп шоғырланған жерлерде түсіндіру жұмыстары жүргізіп жатыр.

Мұрат Қамзин, қалалық санитариялық бас дәрігерінің орынбасары:

- Қазір Атырау қаласында күніне 2000-ға жуық адам вакцина алып жатыр. Бірақ оның өзі жеткіліксіз. 1 ақпаннан бастап санағанда қазір Атырау қаласы бойныша 66 мың адам егілген. Ол манағы 100 мың адамға шаққанда 18 процентті ғана құрайды. Коллективті иммунитетті қалыптастыру үшін кем дегенде 80 процент алуы керек.