Qazvac вакцинасы мұқтаж елдерге жеткізіледі – Қ.Тоқаев

Алдағы уақытта қазақстандық вакцина дамушы елдердің нарығына жеткізілуі тиіс. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев эпид ахуалға арналған кеңес отырысында осы мәселеге жеке тоқталды.

Мемлекет басшысы үкіметке екі жақты келісімдер аясында QazVac екпесінің жеткізілуін назарындан тыс қалдырмай, бір айдың ішінде есеп беруді тапсырды.

Бұдан бөлек, жетекші мемлекеттер ұсынған екпе түрлерін елімізге әкелу мәселесіне де мән берілді. Мәселен, Ресейдің жаңадан шығарған Спутник Лайт вакцинасын отандық фармацевтикалық компанияларға жеткізу әрі осында өндіруді жолға қою қажет.

Сондай-ақ Президент Ashyq жүйесінің аясын кеңейту қажеттігін айтты. Бұл ретте жүйенің жұмысын жіті қадағадау аса маңызды. Кәсіпкерлік нысандарын Ashyq тізіміне қосу қағазбасты жұмысқа айналып кеткен.

Осыны ескерген Президент жүйеге енгізу жұмысын жылдамдатуды тапсырды.