Ақмола облысында балалар енді ақылы үйірмелерге тегін бара алады

Бұл елімізде қолға алынған арнайы жоба аясында мүмкін болып отыр.

4 пен 17 жас аралығындағы оқушылар ән, би, сөз өнері, сурет салу, қолөнер және актерлік шеберлік секілді бас-аяғы 60 шақты үйірмеге ақысыз қатысады. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен әзірге 134 млн теңге бөлінген. Бұл биыл шамамен 1 жарым мың баланы қамтуға жетеді дейді мамандар.

Айгүл Сәбитова, облыстық мәдениет басқармасының басшысы:

– «Көкшетау» мәдениет сарайына 1 мың бала келеді. Біз 1 мың бала үстіне шақыруымыз керек. Бүкіл Ақмола облысы бойынша бұған дейін балаларды ұйымдастырып шақырған жоқпыз. Балалар енді ақша төлей алмайды, көпбалалы жанұялар бар. Осы проблемалардың бәрін қарап, бюджеттен ақша бөлініп, жаңа үйірмелерді ашып, тегін қатысуға мүмкіндік берді.