Елорда әкімі: Коронавирустан құтылудың жалғыз жолы – вакцина алу

Елордада мобильді бригадалардың қатары көбейеді.

Қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында осылай деп жазды. Қазір 186 жедел жәрдем қызметі шақыртуларға барады. Соңғы күндері коронавирус жұқтырғандар күрт көбейгендіктен, көбіне үлгермей жатыр. Сол себепті мобильді бригадалардың саны 300-ге дейін көбейтіледі. Ауруханалар да қосымша медициналық аппараттармен қамтылып жатыр. Дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры жасақталған. Одан бөлек, Алтай Көлгінов қалада екпе егу қарқынын бұдан да үдеткелі жатқандарын жазды.

«Бұл сұмдықтан локдаун емес, тек вакцина құтқара алады», - дейді елорда басшысы.