Атырауда хабар-ошарсыз жоғалған жасөспірім біреудің көлігін айдап кеткен

Атырауда хабар-ошарсыз жоғалған жасөспірім біреудің көлігін айдап кетті, деп хабарлады Polisia.kz.

Атырау қаласының Полиция басқармасына 39 жастағы қала тұрғыны хабарлама беріп, белгісіз біреудің көпқабатты үйдің ауласында тұрған көлігін айдап кеткені туралы шағымданды. Тәртіп сақшылары дереу жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде ұрланған көлікті Исатай ауданынан тапты. Күдіктінің жеке басын анықтау барысында оның осыдан 10 күн бұрын үйінен шығып, қайта оралмаған 17 жастағы жасөспірім екендігі белгілі болды. Жасөспірім көлікті кілтін үйлестіру арқылы заңсыз иемденгенін айтты. Айғақ зат жәбірленушіге қайтарылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.