Денсаулық сақтау министрі елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты

Қазақстан Республикасы 26 шілдеден бастап «қызыл аймақта» тұр.

Түркістан облысын қоспағанда, барлық өңір «қызыл аймақта» орналасқан.

3 тамызда республика бойынша жұқпалы аурулар төсек-орындары 56%, реанимациялық төсек-орындар 44% құрады. Инфекциялық төсек-орындармен ең көп қамтылғандар Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, ең көп реанимациялық төсектер Ақмола, Атырау, Маңғыстау облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында байқалады.

«Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында министрліктің жетекші қызметкерлері мен медициналық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының құрамында Қазақстанның 10 өңіріне шығуды қамтамасыз етті. Өңірлерде егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп, жағдайды тұрақтандыру үшін нақты ұсыныстар берілді», - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.