Эпидахуал оңтайлы сценарий бойынша өрбіп жатыр – Цой

Елдегі эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі. Ауруханалардың жартысынан астамы толған. Жансақтау бөлімдерінде де орын тапшы. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді.

Ол қазір 30 мыңға жуық адам ауруханаларда ем қабылдап жатқанын айтты. 2 мыңнан аса науқас жансақтау бөлімдерінде жатыр. Әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында, сосын Атырау, Ақмола, Маңғыстау өңірлерінде жағдай нашар екенін жеткізді. Вакцина салдыру ісі де баяу жүріп жатқанға ұқсайды. Осы күні 4 миллионға жуық отандасымыз ғана екпенің екі бірдей дозасын қабылдаған. Министрлік қосымша 8 млн доза вакцинаға тапсырыс берген екен. Осы ретте ведомство басшысы елдегі эпидемиологиялық жағдай оптимистік сценарий бойынша өрбіп жатқанын жеткізді. Олар күніне орта есеппен 7 мың адам вирус жұқтырады деп болжаған еді.

Сондай-ақ...