Коронавируспен ауырған 202 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 202 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, деп хабарлайды Хабар 24 Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 5 тамыздағы мәлімет бойынша, 107 600 адам коронавирус инфекциясынан (–104 377 + және 3 223 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 29 623 пациент стационарда, 77 977 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 832 адамның жағдайы ауыр, 417 пациенттің жағдайы өте ауыр, 202 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.