Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

Нұр-Сұлтанда сенбі және жексенбі, яғни 7-8 тамыз күндері қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді, деп хабарлайды Хабар 24 Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Сенбі және жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес тоқтатылады.

«Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу арқылы», – делінген .