COVID-19: елдегі инфекциялық стационарлар жартылай науқасқа толған

Ондағы төсектердің қазір 55% бос емес. Бұл туралы ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Бұдан басқа, халықты иммундау қарқыны бойынша артта қалған облыстар анықталды. Олар Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстары. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қызмет көрсету саласында вакцина алмаған қызметкерлерді анықтау бойынша мониторингтік топтардың жұмыс алгоритмін бекітуді және алдағы жылға вируспен күрес жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Айта кетейік, өткен тәулікте елде коронавирус жұқтырғандар саны жеті мыңнан асты. Тізімнің басында Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары және Қарағанды облысы тұр.