А.Мамин өңір басшыларына егін жинауға қатысты тапсырма берді

Елде астық жинау осы айдың аяғында басталады. Маңызды науқанға тыңғылықты дайындалу керек.

Асқар Мамин өңір басшыларына осыны жүктеді. Елдегі қоймаларға 27 миллион тоннадан аса астық сақтауға мүмкіндік бар. Үкімет басшысы құрғақшылыққа қарамастан биыл астық тапшылығы болмайды деп сендірді. Одан бөлек батысқа және Сыр өңіріне жем-шөп жеткізу мәселесі реттелгенін айтты.