Тараздағы жарылыс: полиция эвакуацияланған елді мекендерді күзетеді

Эвакуацияланған елді мекендерді полиция қызметкерлері күзетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Қазір тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру және қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарына 300 полиция қызметкері жұмылдырылды. Бұдан бөлек, Ұлттық ұланның 520 сарбазы тартылды. Соңғы мәлімет бойынша, Қайнар, Ботамойнақ, Жібек жолы және Үшбұлақ ауылдарынан Тараз қаласына 1200 адам жеткізілді. Олар мектеп ғимараттарына орналастырылды.