Жамбылдағы жарылыс орнынан табылған мәйіт ТЖМ қызметкерінікі екендігі анықталды

Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған мәйіт ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерінікі екендігі анықталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған мәйіттің кім екендігі анықталды. Ол 3-МӨСБ қарауыл бастығы Заикин Сергей Владимирович болып шықты. Мәйітті марқұмның туыстары таныды. Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны он бес адамға жетті.

Жоғалған тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі