Бағаға жауапты мемлекеттік орган бекітіледі

Қазақстанда баға тұрақтылығына қай мемлекеттік орган жауапты деген сұрақтың шешімі табылмай келеді.

Нарықтағы бағаны реттеуге, мониторинг жүргізуге мемлекеттік мекемелер қауқарсыз. Себебі, тиісті механизм жоқ әрі құзірет шеңбері тар. Бұл мәселе Президент Жолдауында да көрініс тапты. Үкімет отырысында Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев таяу арада осы мемлекеттік органға азық-түлік бағасын реттеу құқығы бекітілетінін айтты. Яғни, арнайы құзіретке ие болады. Сосын тиісті функциясына сай өндірушіден тікелей тұтынушыға дейінгі өнім құнына жауапты болып, қымбаттауына жол бермейді.