Алматы облысында жаппай төбелес шығарғандар жауапқа тартылды

Алматы облысы Іле ауданы Междуреченск ауылында төбелес шығарған ағайындылар жауапкершілікке тартылды.

Полиция мәліметінше, үй иесіне жұртты жинап, карантин талабын бұзғаны үшін айыппұл салынады. Оның ағасына әкімшілік кодекстің 73-бабына сәйкес, яғни тұрмыстық жанжал тудырғаны үшін  іс қозғалды.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде таралған бейнежазбадағы көрініс қыркүйектің он екісі күні болған. 34 жастағы ер адам марқұм болған туысына құран бағыштап, ас берген. Басқосуға ішімдік ішіп келген ағасы інісімен жанжалдасып қалады. Енді олардың ісін сот қарайтын болады.