425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нұр-Сұлтанда тұмауға қарсы вакцинация 15 қыркүйекте басталады

  • 80
  • UPD: 17:45, 14.09.2021
Нұр-Сұлтанда тұмауға қарсы вакцинация 15 қыркүйекте басталады DV.ee

Елордада 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында қала тұрғындары тұмауға қарсы екпе ала алады.

Елорда әкімдігінде өткен онлайн-брифинг барысында мамандар тұмауға қарсы екпені қалай алуға болатыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Біз 15 қыркүйектен бастап жыл сайын алдын алу мақсатында жүргізілетін тұмауға қарсы вакцинацияны бастаймыз. Вакцинация 15 қазанға дейін жалғасады және ол бекітілген жердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында жүзеге асырылады. Оны белгілі бір санаттағы адамдар тегін ала алады, қалған азаматтар өз емханалары мен жеке ұйымдарына жүгіну арқылы өз есебінен вакцинациялана алады», – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Ведомство басшысы өз сөзінде вакцинация қазіргі уақытта қауіптің алдын алу үшін ең жақсы құрал екенін еске салды.

«Вакцина ауыр асқынуды, тіпті өлім қаупін азайтады. ДДСҰ мәліметтері бойынша вакцина 18-64 жас аралығындағы сау ересектерде инфекцияның шамамен 60%-ін болдырмайды. Тұмауға қарсы вакцинаны алған соң тиімділігі шамамен 14 күннен соң білінеді», – деді Т.Мұратов.

Оның мәліметінше, қала тұрғындарын тұмауға қарсы вакцинациялау үшін елордаға 160 мың доза вакцина жеткізілген. Біз 3 600 мектеп оқушысын, 1 900-ге жуық жүкті әйелді, 2 500 медицина қызметкерін, созылмалы аурулары бар 13 000 ересекті тұмауға қарсы тегін егуді жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы