Елімізде КВИ белгілері бар пневмониядан 15 адам көз жұмды

16 қыркүйектегі коронавирус белгілері бар пневмонияның статистикасы мәлім болды.

16 қыркүйекте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 216 жағдайы және 15 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса, 176 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 13 наурыздан бергі статистика: ауырғандар - 73 815, 4 729 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 60 534 жетті.