«Беймәлім Қазақстан» экспедициясы басталды

Семейде «Беймәлім Қазақстан» деректі фильмінің түсірілімі басталды.

Ұлы ақын Абайдың туған жерінде туындының алғашқы эпизоды түсіріледі. Отанымыздың табиғаты, адамдары мен бірегей мекендері туралы баяндайтын жоба – қазақ, орыс және ағылшын тілінде дайындалады. Бірнеше ай бойы түсірілім тобы шамамен 100 мың шақырымды жүріп өтеді. Экспедиция Шығыс Қазақстан облысында 8 күн болады деп жоспарланған. Деректі фильм 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні жарыққа шығады.

Бақытжан Баяхметов, қала әкімі:

– Өсіп келе жатқан ұрпаққа бұл үлкен тарихи маңызы бар құжат болады. Сондықтан да бұл бастаманың өзі Семей қаласында, Шәкәрім мен Абай, Мұхтар Әуезовтың, көпшілік интеллигенцияның шыққан жерінен бастау алуы бәрімізді қуантады.