МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесін қалай қайтаруға болады?

Елімізде халықты емханаға тіркеу науқаны басталды.

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі кампания екі ай бойы, 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін созылады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында баяндалды.

Тұрғындар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 36 медициналық ұйымға тіркеле алады. Олардың 18-і – мемлекеттік, қалғаны – жекеменшік клиникалар.

Назар аударыңыз: барлық жарнаның төленгенін өзіңіз жеке қадағалап отырғаныңыз жөн. Кейде жұмыс беруші немесе азаматтардың өзі жарнаны толық аудармайды да, МӘМС арқылы медициналық қызмет алу мүмкіндігінен айырылады.

Мәртебе қайтадан сақтандырылған болуы үшін аударылмаған жарнаны төлеу керек. Мұны сіз үшін жұмыс берушіңіз аудара алады немесе дербес төлеуші ретінде өзіңіз төлей аласыз (жарна сомасы 1 ЕТЖ-ның 5%-і немесе 2125 теңге. Төлемнің тағайындау коды - 122).

Естеріңізге сала кетсек, «сақтандырылған» мәртебесіне ие болу үшін, медициналық көмекке жүгінердің алдында соңғы 12 ай бойы жарнаны үздіксіз төлеп отыру қажет.

БЖТ төлеушілер медициналық көмекке жүгінердің алдында соңғы 3 ай бойы төлесе жеткілікті.

2021 жылы: МӘМС үшін кім, қанша төлейді?

Егер сіз МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болсаңыз, жарна төлеуші санатына қарай МӘМС үшін ай сайын төленетін жарна мөлшерін анықтап алыңыз:

- Азаматтардың 15 жеңілдігі бар санаты – жарнаны мемлекет төлейді

- Жалдамалы жұмыскер – жұмыс беруші бухгалтериясы жалақының 2%-ы мөлшерінде және жалақы қорынан 2% мөлшерінде төлем жасайды.

- Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығы иелері, жеке практикамен айналысатын тұлғалар – 1,4 ең төменгі жалақының 5%-ы мөлшерінде (ЕТЖ 2021 жылы да 42 500 теңгені құрайды, сондықтан төлем мөлшері бұрынғыдай  – 2975 теңге).

- Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар (жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жалдамалы жұмыскерлері жоқ, қызмет көрсететін тұлғалар) / бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер – 1 АЕК (01.01.2021 ж. 2917 теңге) республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін; басқа елді мекендер үшін – 0,5 АЕК (01.01.2021 ж. 1458,5 теңге).

- Дербес төлеушілер –1 ЕТЖ-ның 5%-ы мөлшерінде (ең төменгі жалақы өзгермегендіктен, 2021 жылы да 2125 теңге).

- Азаматтық-құқықтық негізде шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалар – табысының 2%-ы мөлшерінде, ең жоғарғы төлем 8500 теңге (яғни 10 ЕТЖ-ның 2%-ы, 425 000 х 2% = 8 500).

МӘМС үшін төлемді қайдан жасауға болады?

- екінші деңгейлі банктер және олардың интернет-сервистері арқылы;

- Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы;

- «Казпочта» АҚ бөлімшелері арқылы;

- төлем қабылдау терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.) арқылы;

- медицина ұйымдарындағы төлем қабылдау терминалдары арқылы

жарна төлеп, МӘМС жүйесінде сақтандырыла аласыз.

Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қор МӘМС жүйесінде және ТМККК аясында медициналық қызмет алушылармен бірнеше арналар арқылы үнемі кері байланыста – бұл Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @SaqtandyryBot телеграм-бот және 1406 байланыс орталығы.

Сондай-ақ...