Елімізде 7 аймақта индустрияландыру картасының іске асуы баяу

Елде индустрияландыру картасы тек 3-ақ өңірде қарқынды жүзеге асып жатыр.

Бұл Қарағанды, Алматы облыстары мен Шымкент қаласы. Ал Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында бағдарламаның іске асуы баяу. Үкімет отырысында Премьер-министр жағдайды жіті бақылауға алып, әкімдерге бұл бағыттағы жұмысты, жандандыруға пәрмен берді. Себебі 2025-ші жылға дейін өңдеуші өнеркәсіп экспортын бір жарым есеге өсіру жөнінде Президенттің тапсырмасы бар.

Жалпы биыл осы индустрияландыру картасы аясында 128 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жоспар уақытылы орындалса, 12 мың жұмыс орны құрылады.