Қазақстанда нан қымбаттауы мүмкін

Елде нан қымбаттауы мүмкін екенін Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері де айтты.

«Әлемдік нарықта бидай бағасының өсімі байқалады. Бірақ әзір нан бағасы тұрақты», - дейді Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов. Ұн да жеткілікті көлемде өндіріліп жатыр. Қазір ел бойынша егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Тапшылық байқалған жағдайда нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға қордан қосымша бидай беріледі. Бүгінгі күні құрғақшылық салдарынан елде өнім көлемі 20%-ке азайды. Диқандар 16 млн тонна дәнді дақыл жинауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ...