Әлемде діндер арасындағы сындарлы диалогқа деген сұраныс артты

Әлемде діндер арасындағы сындарлы диалогқа деген сұраныс артты. Мұны мойындауымыз керек.

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Назарбаев орталығының басшысы Болат Сәрсенбаев бүгін осылай деп мәлімдеді. Елордада келер жылы өтетін дін көшбасшылары съезіне дайындық пысықталды. Хатшылыққа қарасты жұмыс тобының отырысы өтті. Оған беделді халықаралық ұйымдар мен Қазақстан, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Египет, Иран, Ресей, Ватикан, Израиль сынды елдерден діни бірлестік өкілдері жиналды. Бас қалада әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезі 2003 жылдан бері өтіп келеді. Осы уақыт аралығында бұл жиын жаһандық диалог алаңы ретінде танылды. Дегенмен, бұл жолғы басқосу бұрынғыдан өзгерек. Себебі пандемия жағдайында өтеді. Әрі күн тәртібінде қаралатын мәселенің бірі індетпен күрес. Сонымен қатар дүниежүзілік дағдарыс пен табиғи және техногендік апаттар да маңызды тақырыптар санатына еніп отыр.

Джо Бейли Уэллс, Англия шіркеуінің өкілі:

- Қазақстанда түрлі дін өкілі бар екенін білемін. Соның ішінде протестанттық, католик және православиені ұстанатындар кездеседі. Мен протестанттық миссиямен келдім. Қазір әлем ковид жағдайында өмір сүріп жатыр. Саясаттағы қиын жағдайлармен қатар осындай проблемалар да адамзатты қинап барады. Біз бірлесіп тығырықтан шығар жол іздеуіміз керек.

Жалпы жұмыс тобының отырысында VII съездің тақырыптары мен оны өткізу форматы ойластырылды. Әзірге өтетін күні нақты белгілі емес. Тек қаралатын мәселелердің бір сыпырасы айқын. Ол пандемиямен күрес және жаһандық саясат пен діндегі әйелдердің орыны.

Серік Егізбаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

- Бүгінгі талқыланып жатқан мәселелер келер жылғы күн тәртібі. Ұсыныстарын сұрап отырмыз. Біз өз ұсыныстарымызды айтып отырмыз. Бірақ олардың да пікірлері керек. Ең басты тақырып пандемиядан кейінгі жағдай. Дін басшыларының ролі қандай болады.

Сондай-ақ...