Петропавлда тірінің есебінен шығарып тасталған азамат пәтер кезегінен қағылды

Өлгендер тізіміндегі азамат. Петропавлдық Александр Рябуха тірілер санатында болмағандықтан пәтер кезегінен қағылды. Балалар үйінің түлегі жайсыз жаңалықты наурыз айында естіген. 25 жастағы азамат жақында ғана құзырлы органдарға арызданған. 

- Мы не виноваты. Сняли с очереди в связи со смертью очередника. 

Александр Рябуха балалар үйінің түлегі. 2017 жылдан бері қалада жетім бала ретінде пәтер кезегінде тұрған. Бірақ наурыз айында ол тізімнен алып тастапты. Айтуынша, электронды жүйе оның о дүниелік екенін көрсеткен.

Александр Рябуха, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Менің әлеуметтік педагогымнан да ешкім ештеңе сұрамаған. Бұл жаңалықты ол кісі жақында менен естіді. Неге екені белгісіз нақ осы балалар үйінің тәрбиеленушілері түрлі себептермен тізімнен алынып тасталады.

Александр – дәнекерлеуші. Бірақ тұрақты жұмысы жоқ. Қазір құрылыста нәпақасын тауып жүр. Отбасын құрмаған. Бүгінде досының пәтерін паналауға мәжбүр. Тірі екенін дәлелдей алмай жүрген соң азамат прокуратураға арызданған.

Александр Рябуха, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Күні кеше мен АХАЖ бөліміне де барып өтініш жаздым. Олар менің қайтыс болмағаным жайлы акт берулері қажет екен. Ол құжат 15 күнде дайын болады. Жалпы оның не керегі бар? Мен міне алдарыңызда тұрмын ғой.

Әкімдіктегілердің барлығы бұл жағдайдан хабардар. Мәселенің ақ-қарасын анықтаймыз деп сендірді.

Азат Ыбыраев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- Бүгін түске дейін ол өз кезегінің орнына қайта қалыптастырылды. Мүмкін миграция службалар обход жасағанда сол кісіні өз орнында таба алмай статусы не определен деп жазылған. Немесе РАКС-тың қателігі. Техникалық қате болса біз енді жауапқа тарта алмайтын шығармыз. Адамның кесірінен болса, ол обьязательно жауапқа тартылады. 

Бүгінгі күні өңірде баспана мәселесі өткір. Шаһарда 15 мыңға жуық адам әкімдікте пәтер кезегінде тұр. Оның 1700-і жетім бала. Жалпы былтырғы жылы осы жетім балаларға 30 пәтер берілген. Ал биыл соңғы көрсеткіш екі есеге артқан.

Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов