Жолға жауапты мекемелер қысқа дайын ба?

Әкімшілік полиция осы мәселені қадағалауға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақмола облысында рейд өткізіліп, арнайы техникалар мен түрлі құрылғылардың әзірлігі, жанармай мен мұзға себілетін материалдар қоры, тіпті, қосалқы бөлшектердің бар-жоқтығы тексерілді. Осы орайда бақылаудан өткен 200-ге жуық техниканың 50 шақтысы жарамсыз болып шықты. Тиісті мекемелердің басшыларына ескертілді дейді полицейлер. Рейд 15 қарашаға дейін жалғасады.

Айбек Хасенов, облыстық әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

– Сондай-ақ бұл мекемелер жол белгілерін орнатумен де айналысады. Олардың дұрыс қойылуын да тексереміз. Кейбір белгілер құлап қалуы немесе соғылуы мүмкін. Жол ұйымдары солардың барлығын уақтылы қарап отыруы тиіс.

Сондай-ақ...