Қарағандыда отандық ферросиликоалюминий өндіретін зауыт бой көтереді

Қарағанды облысы бірінші болып ферросиликоалюминий өндірісін жолға қоймақ. Бұл – қазақстандық ғалымдар әзірлеген технологиямен отандық шикізаттан шығарылатын өнім. Болатты деоксидтеу үшін қолданылатын «Қазақстандық» қорытпаны «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында салынып жатқан Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты өндіреді.

Жалпы сарапшылардың айтуынша, өнімге деген сұраныс жылына 4 миллион тоннаны құрайды.

Іргесі енді бой көтеріп жатқан мына алып зауыт 90 гектарлық аумаққа салынады. Қазір 7 цехтің ен алғашқысының құрылыс жұмыстары жүргізіліп келеді. Алдағы уақытта осында «Қазақстандық» қорытпасы шығарылатын болады. Ол болаттың дәстүрлі дезоксиданттарының анағұрлым тиімді аналогы болып есептеледі.

Дмитрий Кравченко, кешенді қорытпалар зауытының бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары:

– Болатты дезоксидтеу технологиясы ферросилиций мен алюминийдің  бірлесе қолданылуын қамтиды. Ал кешенді қорытпаны аталған екі компоненттің орнына енгізген кезде, алюминийдің болатқа сіңуі жоғары деңгейде жалғасып, мықты болат түзіледі. Есесіне аллюминий мен кремний шығындары бірнеше есе азаяды. Бұл болат өндірісінің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Қазақстандық қорытпа әлемдегі алты металлургиялық зауытта сынақтан сәтті өтті. Қытаймен жылына 100 мың тонна шикізат жіберуге келісімшарт жасалған. Жоба инвесторы - Bonarda Invesments халықаралық тобы.

Сәкен Есжанов, кешенді қорытпалар зауытының бас директорының орынбасары:

– Бұл топ әлемнің 8 мемлекетінде жұмыс істейді және әлемдегі жоғары көміртекті ферромарганецті өндіретін ең ірі кәсіпорындарының бірі болып табылды. Топ қазақстандық ғалымдар әзірлеген технологияға қызығушылық танытып, зауыт құрылысына инвестиция салуға шешім қабылдап отыр. Инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасында қол қойылған шарттардың тұрақтылығы керек. Бүгінгі таңда біздің инвесторлар үшін бұл өте маңызды.

Инвестор өз қаражаты есебінен АЭА электр қуатын 180 МВт-тан 475 МВт-қа дейін кеңейтеді. Алғашқы өнімдерді шығару 2022 жылдың соңына жоспарланған. Бастапқы кезеңде осында жылына 180 мың тонна қорытпа өндірілмек.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Аслан Демесбаев