Елордадан 700-ден астам азамат әскерге аттанды

Елордадан 700-ден астам азамат әскерге жіберілді. Жалпы биыл ел бойынша әскерилер қатарына 13 мыңнан астам адам шақырылған.

Айта кетейік, биыл азаматтар әскерден босатуды немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыру үшін онлайн режимде құжаттарын ұсынған. 

Ғани Артықов ҚР Қорғаныс министрлігінің департамент өкілі:

- Бұрынғыдай ата-аналардың шығарып салуын шектеп отырмыз. Күзгі әскерге шақыру барысында әскерге шақырылушыларға ПТР зерттеуі екі рет жүргізіледі: біріншісі әскерге шақыру кезінде жиын пункттерінде, екіншісі жас буын келген кезде әскери бөлімдерде жүргізіледі.