Шортандыдағы жарылыс: екі баланың халі мүшкіл

Шортандыдағы жарылыстан зардап шеккен бір бала жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауысты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Тағы екі бала ауыр халде жатыр. Оқыс оқиғадан зардап шеккен ересектер де жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың да жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.

Еске салайық, кеше Ақмола облысы Шортанды ауданындағы тұрғын үйде газ балоны жарылып, үш адам мерт болды. 10 адам жарақат алып ауруханаға түсті.