СҚО-да үш мың орындық көрермен залы бар спорт кешені салынады

Сондай-ақ бұл өңірде жыл соңына дейін бірнеше спорт нысаны пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Ал бүгінде Петропавлда 3 мың орынға шақталған көрермен залы бар спорт сарайының жобалау-смета құжаттамасын әзірлеу аяқталып келеді. Қаладағы Чкалов көшесінде жүзеге асатын жоба - өңірдегі ең ірі спорт сарайы атанбақ. Қазіргі уақытта оның жобалау-смета құжаттамасын әзірлеу аяқталып келеді. Ғимараттың жалпы ауданы 32,4 мың шаршы метр. Мұндағы ең ірі спорт залына 3 мың көрермен сыяды. Сонымен бірге ауыр атлетш, семсерлесу, бал биі, бокс, спорт гимнастикасы, ойын, классикалық күрес залдары, таэквондо, самбо мен дзюдоға арналған жеке залдар, үстел теннисі, батут, екі тренажер және екі фитнес залы жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, өңірде спорт инфрақұрылымын жақсарту және спорт алаңдарын көбейтуі мақсатында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынып жатыр. Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка кентінде спорт кешені пайдалануға берілсе, алты ауданда құрылысы жүріп жатыр. Бұдан басқа М.Жұмабаев ауданында жабық хоккей корты ашылды, тағы үш ауданда осындай нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олардың біразы биыл ашылады. Жаңа спорт залдары заманауи қондырғылармен жарақтандырған, онда түрлі жастағы топқа үйірмелер ашылады. Петропавлда сондай-ақ тағы бір фитнес орталығы бар спорт-сауықтыру кешені салынып жатыр. Нысан 20 ықшам ауданда орналасқан. Ол 130 адамға шақталған.