Алматыда салмағы 530 грамм шақалақ өмірге келді

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлері жансақтау бөлімінде шала туған сәбидің өмірі үшін 55 күн күресті, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

26 аптада дүниеге келген сәбидің салмағы небары 530 грамм. Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, сәби 26 күн өкпені жасанды желдету аппаратында болған. Содан кейін ол жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылды.

«Бүгінгі таңда 1 келі 925 грамм салмаққа жетіп, нәрестенің жағдайы тұрақталды», – дейді орталықтың бас дәрігері Гүлнәр Нұрланова.

Қазір нәресте анасымен бірге үйіне шықты.