«Turkey» атауы «Türkiye» болып өзгертілді

Енді түрік тауарлары «Made in Turkey» брендімен емес, «Made in Türkiye» (Түркие) атауымен шықпақ. Бұл туралы үкіметтің ресми газетінде жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оған сәйкес бұдан былай барлық экспорт тауарлары, кез келген іс-қимыл мен хаттарда «Made in Türkiye/ Түркие» атауы қолданылады. Сондай-ақ құжатта «Түркие» атауының түрік ұлтының мәдениеті, өркениеті мен құндылықтарын ең айқын көрсететіндігі жазылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркия бренді ресми құжаттарда «Turkey»(Төркей), «Turkei»(Туркей), «Turquie»(Тухкий) сөздері қолданылған. Түркие атауы Түркияның түрік тіліндегі атауымен бірдей.