ДДСҰ басшысы Жүрсін Ерманды туған күнімен құттықтады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейсус ақын Жүрсін Ерманды туған күнімен құттықтады.

Құдасына арналған арнайы видеоны Гебрейсус өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Онда қазақтың ұлттық киімін киген Дүниежүзілік ұйым басшысы Жүрсін Ерманға жылы лебіздерін білдіріп, «құдалығымыз мың жылдық болсын» деген тілек айтты.