Қарағандыда заңсыз жолмен жеті компания ашқан азамат ұсталды

Ол жалған компания құрып, мемлекет қаржысын жымқырып отырған, деп хабарлайды Хабар 24.

Ол 2018-2020 жылдар аралығында таныстарымен сөз байласып, 7 компания құрған. Сөйтіп жалған бухгалтерлік құжаттар арқылы сол компанияларға мемлекет бюджетінен қаржы аударып отырған. Ақысына келісім сомасының 3 процентін алған. Қылмыстық іс кесірінен мемлекетке 280 миллион теңге шығын келді. Аляқтықпен айналысқан азамат ұсталып, жауапқа тартылды.