Елордада соңғы бір айда 99 жүргізуші сынақтан сәтті өткен  

Ал 2000-ға жуығы теориялық және практикалық сынақтан сүрініп, көлік жүргізу куәлігін ала алмады, деп хабарлайды Хабар 24.

Айта кетейік, елімізде жүргізуші куәлігін алу процесі жетілдірілді. Қазір теориялық емтиханға биометрия жүйесі енгізілді. Енді сынаққа бетті тану бағдарламасы арқылы жіберіледі. Ал практикалық емтихан жаңа GPS-ы бар автодромда жүргізіледі. Саладағы жаңашылдық бүгін елордада таныстырылды. Бұның барлығы талапкердің орнына басқа адамның кіруіне және жүргізуші куәлігін сатып алуға жол бермейді, – дейді мамандар. Қараша айында елордада 1989 адам жүргізуші кәуілігін алмақ болған. Оның жартысынан астамы теориялық сынақтан өтпеді. Ал 887 адам практикалық емтиханнан сүрінді. Нәтижесінде 99 адам ғана барлығынан сәтті өтіп, құжатқа қол жеткізді.