Коронавирустан емделіп жатқан 71 науқастың жағдайы өте ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар бойынша мәлімет ұсынды.

19 желтоқсандағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 19 810 адам (17 244 КВИ+ және 2 566 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 3 404 пациент стационарда, 16 406 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:

- 307 адамның жағдайы ауыр;

- 71 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 58 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.