Елімізде мемлекеттік фельдъегерлік қызмет үздіктері марапатталды 

Тәуелсіздік күніне орай елдің мемлекеттік фельдъегерлік қызметі саласында жұмыс істейтін мамандар марапатқа ие болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Себебі бүгін бұл қызметтің құрылғанына 30 жыл. Олар мемлекет басшысы, үкімет, жоғары мемлекеттік органдардың аса маңызды және құпия хаттарын жөнелтілген мекен-жайға аман сау жеткізумен айналысып келеді. 2018 жылы үкімет қаулысымен 20 желтоқсан мемлекеттік фельдегерлік қызмет күні деп белгілен еді. Ал былтыр президент жарлығымен ведомствалық төсбелгі түрлері бекітілді. Биыл қызметтің 30 жылдығына орай сала үздіктері сол төсбелгілермен марапатталды.

Сапарғали Сабитов, ҚР мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің Түркістан қаласы бойынша басқарма бастығы:

– Қазір өздеріңіз білесіздер хакер деген өте көп, компьютерден соның бәрі оқылады. Сондықтан біз қағаз түрінде тасимыз. Көбінесе біздікі қорғау жағы. Құпия құжаттар біздің қызметтен өтеді. Біз қарап анализден өткіземіз. Ешқайда кетіп қалмай. Балалардың бәрі аптасына екі рет жаттығу өткізеді.