Павлодарлықтар өзеннен ерекше табиғи құбылысты байқады

Әлеуметтік желіде қыс мезгіліне қарамастан Усолка өзенінде су ағып жатқаны түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Хабар 24 Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«23 желтоқсан. 2021 жыл. Усолка шағын ауданындағы Усолка өзенінде ағып жатқан су пайда болды. Мұндай сарқырамалар қайдан пайда болғанын біреу түсіндіре ала ма?» – деп жазды желі қолданушыларының бірі. 

Табиғаттың тосын мінезіне байланысты Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы түсінік берді.

«Өнеркәсіптік кәсіпорындар тарапынан төгінділер жоқ. ШҚО аумағындағы кептеліс құбылыстарының салдарынан су деңгейінің шамалы көтерілуі байқалады. Сарқырамалар  су деңгейінің көтерілуінен пайда болған. Мұндай құбылыс сирек кездеседі, бірақ қауіп төндірмейді. Оқиға орнына экология департаментінің мамандары шықты», – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ оқиға орнына барған Павлодар облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Мағзұм Қоқымбаев  аталмыш фактор Шығыс Қазақстан облысында су көтерілуіне байланысты орын алғанын айтады.  «Бұл табиғи құбылыс. Бұл ағымға әсер ететін қандай да бір  экологиялық қауіп жоқ», – деді ол.