«Жасыл» аймақта жаңа жыл кешін өткізудің талабы қандай

Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын ұжымдық кештер ұйымдастыру қаншалықты орынды әрі заңды деген сауалдың төңірегінде қызу пікірталас жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2022 жылы Қазақстан коронавирус пандемиясымен күрес стратегиясын өзгертуі мүмкін бе? Осы және өзге де сұрақтарға ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жауап берді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда кешке қатысушылардың саны талаптағы мөлшерден асатын болса, көпшілік іс-шараларды өткізуге рұқсат етілмейді. Ashyq жобасына қатысатын шағын және орта бизнес объектілері қатысушылардың бәрінде «жасыл» мәртебесі болған жағдайда және санитарлық карантин талаптарын сақтаса ғана жұмыс ондай кештер өткізе алады. Әр өңірдегі шектеу талаптары қандай аймақта орналасқанына байланысты.

–«Жасыл» аймақта шара өтетін залдың сыйымдылығы 50%-ға дейін ғана пайдаланылуы керек. Оның өзінде адам саны 100-ден аспауы шарт.

–«Сары» аймақта кешеннің сыйымдылығын 50%-ға дейін, бірақ келушілер санын 70 орыннан асырмай пайдалану қажет.

– «Қызыл» аймақта келушілер саны 50 адамнан аспауға тиіс. Ал залдың сыйымдылығы бұл талаптан төмен болса, 50% ғана жүктелім болуы шарт.

«Қазіргі таңда 3 өңір «сары» аймақта, қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта орналасқан. Ashyq жобасына қатысатын нысандарда салтанатты кештерді, отбасылық және еске алу шараларын өткізуге рұқсат етілгенімен, коронавирус инфекциясының таралу қаупі өте жоғары. Сондықтан адам көп жиналатын орындарға барудан мейлінше тартынып, дәстүрлі жаңа жыл кештеріне қатыспауға кеңес береміз» – дейді бас санитар дәрігер.

Айта кетейік, өңірдегі жағдайды ескере отырып, санитарлық карантин шараларын жүргізу әрі қарай жалғасады.