Алматы облысында қалың тұманнан көліктер соқтығысып, жол апаты болуда

Өңірдің бірқатар аумағында, кешелі бері қалың тұман, түк көрсетпей тұр, деп хабарлайды Хабар 24.

Бүгін таңертең Өскеменге барар жолдың Кербұлақ ауданы тұсында, «Фольксваген Гольф» автомобилі ауыр жүк машинасын соққан. Жеңіл көліктің жүргізушісі мен онда отырған жолаушы Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді.

Айта кетейік, таңертең 11 жарымнан бастап, Қапшағай қаласы мен Сарыөзек кентінің аралығындағы жол бөлігі уақытша жабылған.