Атырауда қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Атырау облысы аумағында блок-бекеттер қойыла бастады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұған дейін бейбіт шеру өткен алаңдар тазартылды. Уақытша қойылған тамақтану орындары мен шатырлар алынды. Коменданттық сағат енгізілгелі өрескел заңбұзушылық тіркелмеді дейді жергілікті билік. Маңызды, стратегиялық нысандарда күзет күшейтілді. Оған барлық құқық қорғау органы жұмылдырылды. Қоғамдық көліктер мен базарлар қалыпты жұмыс істеп тұр. Бұған дейінгі тәртіпсіздік кезінде 104 адам ұсталды. Полицияның 7 көлігіне зақым келді. 35 инспектор түрлі жарақат алған. 4 адам ауруханада жатыр, біреуінің жағдайы ауыр.

Ержан Қалымбайұлы, облыс әкімдігінің ресми өкілі:

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев