434,34 496,10 5,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шабуылдан 10 өрт сөндіруші зардап шеккен

  • 46
  • UPD: 12:41, 09.01.2022

Елдегі толқу кезінде өрт сөндірушілерге де шабуыл жасалды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бүлікшілер құтқарушылар мінген көліктерге тас лақтырып, оқ атқан. Жолдарды бөгеп, олардың діттеген жеріне жетуіне кедергі келтірген. Осындай шабуыл кезінде 10 өрт сөндірушінің жарақат алғаны мәлім болды. Қазір төтеншеліктер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Хабар 24 телеарнасы