Бүлік салдарын жоюға еріктілер жұмылдырылады

Бүлік салдарын жоюға және қалаларды қоқыстан тазарту жұмыстарына жергілікті волонтерлер мен белсенділер атсалысады, деп хабарлайды Хабар 24.

Осы мақсатта Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұйытқы болуымен елордада волонтерларды үйлестіру орталығы құрылды. Бірақ бастама елдегі жағдай толық қалыпқа келгеннен кейін жүзеге асырылады дейді ұйымдастырушылар.

Лима Диас, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы:

– Волонтерлар ел бойынша ақпараттандыру қызметін де көрсетеді. Елде қалыптасқан жағдайға бейжай қарамайтын барлық азамат осынау игі іске өз үлесін қоса алады. Бірақ төтенше жағдай режимі мен санитариялық талаптарды қатаң сақтауды ұмытпауы тиіс. Еріктілер қозғалысы көмекке мұқтаж жандарға гуманитарлық және психологиялық жәрдем көрсетеді. Залал келген нысандар мен көшелерді қалпына келтіру жұмыстарына атсалысады.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті