Спортшылар халықты сабырға шақырды

Елдегі барлық спорт ұйымдары, жалпы жұрт елдегі ауыр жағдайды реттеуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсетуі тиіс. Елордалық федерацияның президенті, ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы Давид Лория ел тұрғындарын сабырға және бірлікке шақырды, деп хабарлайды Хабар 24.

Давид Лория, Футбол федерациясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша президенті:

– Бүгінгідей қиын кезде барлық спорт қауымдастықтарын, жалпы барша қазақстандықтарды бүкіл батыл іс-әрекеті елдегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған Мемлекет басшысын қолдауға шақырамын. Қымбатты қазақстандықтар, біз біріккенде ғана күшті боламыз, сондықтан сабыр қылып, Президентімізге ахуалды орнықтыруға септесейік. Қазір бәріміздің тамаша қаламыз Алматыда біздің әскеріміз бен құқық қорғаушыларымыз террористермен қиян-кескі ұрыс жүргізіп жатыр. Лаңкестер біздің елімізді құртуды көздейді. Біз оларға кез келген көмегімізді көрсетуіміз қажет. Үйде отырып, отбасына бас-көз болудың өзі – үлкен үлес. Біз біргеміз!

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті