ҚР ҰҚК қаза тапқан қызметкерлерінің жақындарына көңіл айтты

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына, туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айтты.

Ерлікпен қаза тапқандардың есімі ресми сайтта жарияланды. Олар полковник Андрей Кабдинов, подполковник Дастан Әділбай, капитандар Жандос Жағалбаев пен Әділ Нүркенов, қатардағы жауынгерлер Жайық Әділхан, Мейірхан Бітім және Дәулет Жұпарбеков. Әріптестері ауыр және орны толмас қазаның қайғысына ортақпыз деп мәлімдеді.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды