Ақтөбеде жағдай тұрақталды, бірақ эпидахуал күрделенді  

Ақтөбеде жағдай тұрақталды, бірақ эпидахуал күрделенді  

Бұзақылар қиратқан Ақтөбе облысының әкімдігі көп ұзамай қалыпқа келтіріледі, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазір ғимарат тазартылып жатыр. Қаскөйлер баса-көктеп кірген халықаралық әуежайдың жұмысы да реттелді. Дегенмен интернет желісінің баяулығынан екі бірдей авиа компанияның жолаушыларына қызмет көрсету кешеуілдеп жатыр. Жалпы өңірдегі ахуал тұрақты. Күштік құрылым өкілдері облыс орталығы мен аудандарды толығымен бақылауға алған.

Алайда аймақтағы эпидемиологиялық ахуал алаңдата бастады. Өйткені облыста короновирустың омикрон штамы анықталып отыр. Аймақ басшысы қауіпті індеттің белең алуына адамдардың бір орында топталуы да себеп болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Оңдасын Оразалин, облыс әкімі:

– Осындай жағдайларға дейін біздерде күніге ең асып кетсе, 1-2 тіпті мүлдем фактілер жоқ еді. Ал қазіргі таңда осы 70-80 фактіге дейін тіркеліп отыр. Қателеспесем, 70 фактінің ішіндегі 30 шақтысы сол омикрон.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды