Қарағандыда бір күнде үш егіз дүниеге келді

Қарағандыдағы №2-перинаталды орталықта бір күнде үш егіз дүниеге келді. Бірінші болып туылған Мұхаммед пен Әли есімді егізді отбасы аттай 20 жыл күткен екен.

Одан кейін екі егіз қыз өмірге келді. Айта кетейік, бүлдіршіндер табиғи жолмен дүниеге келген, қазір олардың жағдайлары жақсы.

Светлана Заркова, Теміртау қаласының тұрғыны:

- Менің үлкен ұлым қазір 20-ға келді. Ал, мына ұлдарым енді ғана дүниеге келіп отыр. Ұзақ уақыт күтіп, ақырында ЭКҰ әдісіне жүгінгенбіз. Бірінші кесір тілігімен аламыз деген, кейін өзім босана алдым. Балалардың денсаулығы жақсы дейді дәрігерлер.

Жарқын Нүркеева, №2 Перинаталды орталықтың акушерлік-физиологиялық бөлім меңгерушісі:

- Әрине егіздердің дүниеге келуі ол жақсы, бірақ дәрігерлер үшін де анасы үшін де екі есе ұқыпты болып, зор дайындықпен келуі керек. Себебі бұл процестің белгілі бір қиындықтары бар. Қазіргі таңда егіз туған аналардың да, шақалақтардың да денсаулығы жақсы, өздері еміп, өмірге қалыптасып келеді. Жақын арада аман-есен шығарып саламыз деп жоспарлап отырмыз.