Нұр-Сұлтан мен Алматы оқушылары 31 қаңтарға дейін онлайн форматта оқиды  

Елорда мен Алматы қаласының оқушылары 31-ші қаңтарға дейін онлайн оқиды. Студенттер 6-шы ақпанға дейін қашықтан білім алады. Бұл туралы екі шаһардың бас мемлекеттік санитар дәрігерлері мәлімдеді.

Ел астанасында эпидахуалдың нашарлауына байланысты білім орталықтары, ересектер мен балаларға арналған үйірмелер, балаларды дамыту орталықтарының қызметі онлайн форматқа көшірілді. Індеттің таралуына жол бермеу мақсатында қаладағы қоғамдық көлік саны артады.