Алматыдағы бүлік кезінде 1300-ден аса қару ұрланған

Алматыдағы бүлік кезінде лаңкестер бір мезгілде 7 қару дүкеніне түсіп, 1300-ден аса қару-жарақты қолды қылған, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді. Тәртіпсіздіктің алғашқы күні Алматы көшелеріне 20 мыңдай адам шыққан. Олар полиция отырған ғимаратты басып алуға 27 рет әрекеттенген. Департамент ғимаратына шабуылдағандар бейбіт тұрғындарға да оқ атып, ізін жасыру үшін  жаралылар мен қаза тапқандарды өздерімен бірге әкеткен. Осы уақыт ішінде мәйітханаға 7 рет шабуыл жасап, 41 өлікті ұрлаған .

Тәртіпсіздіктер кезінде бас-аяғы 300 көлікке залал келген. Оның 163-і тәртіп сақшылары тиесілі.