415,12 450,91 7,40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматы қалалық ПД басшысы: Бейбіт шерушілер көшеде азаматтарды өлтірмейді

  • 174
  • UPD: 12:11, 20.01.2022
Алматы қалалық ПД басшысы: Бейбіт шерушілер көшеде азаматтарды өлтірмейді

Алматы қалалық ПД басшысы Алматыда 5 қаңтар күні түске таман қалыптасқан жағдайдың өте қиын болғанын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шабуылшылар топтасып бірден қаланың бірнеше аудандарында, шамамен Республика алаңынан бірдей қашықтықта жиналып, бір мезетте, бір уақытта дерлік оған қарай ілгерілей бастады.

Полиция мен әскери бөлімшелер оларға бірнеше рет кедергілер орнатуға тырысты, қолдарында тек қалқандар, резеңке таяқшалар, жарық-шулы және газ гранаталары болды. Бірақ бейбіт шерушілермен емес, содырлар мен бүлікшілердің жақсы ұйымдасқан топтарымен бетпе-бет келдік, олардың арсеналында биталар, арматура, темір құбырлар, тастар болды. Қауіпсіздік күштерін көрген олар еш ойланбастан шабуыл жасап, айуандықпен аяусыз соққыға жықты. Тіпті, қақтығыс кезінде тұтқынға алынған әскерилер мен полиция қызметкерлерін бүлікшілер тірі қалқан түрінде алға қойған жағдайлар да болды.

Митинг бейбіт өтті деген әңгімелердің бәрі негізсіз, оны осы күндері қалада болған адамдар жақсы көрді және біледі. Ал олар қолына қару алған адам полицияға, үкіметтік ғимараттарға шабуыл жасап, оларды қиратып, өртеп жіберетінін, полицейлерді, әскерилерді және бейбіт тұрғындарды өлтіретінін түсінеді – бұл лаңкестер және оларды басқаша атауға болмайды. Бейбіт шеруге шыққандар көліктерді тоқтатып, қарумен қорқытып, оны иеленіп алмайды, талаптарын орындамай, оларға көмектесуден бас тартқандарды атып тастамайды, көшеде бейбіт тұрғындарды өлтірмейді. Сондықтан президент Қасым-Жомарт Тоқаев қалаға лаңкестер шабуыл жасады деп айтқанда, ол өте дұрыс айтты. Олардың әрекетін қалай террор деп атамауға болады, – деді Қанат Таймерденов.

Хабар 24 телеарнасы