Елордада дәрі-дәрмек қоры жеткілікті – ҚР ДСМ

Елордада коронавирусты емдейтін дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Емханалар мен ауруханаларда тапшылық жоқ. Ал қаладағы ірі жекеменшік дәріханалар жүйесінде тиісті препараттар бар. Бұл мәселені Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мониторинг жасап, қадағалап отырады.

Ал егер тапшылық туындаған жағдайда СК-Фармация жекеменшік дәріханаларға дәріні жеткізуе дайын. Ол үшін қажетті қор жасақталған. Сондай-ақ коронавирус белгілері бар науқастарға ыстықты түсіретін және қанды сұйылтатын 5 түрлі препарат тегін беріледі. Оның қоры еліміз бойынша 500 мың науқасқа жетеді.

Естеріңізде болса, күні кеше елордадағы ірі дәріханалардың біріндегі дәрі-дәрмек тапшылығына көз жеткізген болатынбыз. Алайда мамандар алаңдауға еш себеп жоқ деп сендірді.

Нұрлыбек Асылбеков, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы:

– Бүгін таңертең біздің мамандар департамент мамандарымен қаланың әр шетіндегі дәріханаларды аралап шықты. Қошқарбаев көшесі, Сауран көшесі т.б. дәріханалардың мәліметі бойынша ыстықты түсіретін парацетамол препаратымыз дәріханалардың 93%-інде болып шықты. Енді кейбіреулерінде болмауы мүмкін. Бірақ 93% ғана. Енді ибупрофен 80%, Нимесил 75% бар. Азаматтарымызға егер осындай дәрілер жоқ болғанда, біздің анықтамаларға хабарласуларыңызға болдаы деп  айтқым келеді.