Екпенің бүгіні һәм ертеңі

«Омикроннан» кейін тағы бір жаңа штам пайда болуы мүмкін. Сол себепті қауіп сейілмейді. Дәл қазір бұл дерт әлемнің 110 еліне жаппай тараған. Бізді де ішімізден кеміріп жатыр. Әзірге коронавируспен күрестің бір-ақ амалы – екпе салдыру. Мамандар «елде вакцина қоры жеткілікті», - деді. Кеше ғана Ресейден «Спутник Лайт» жеткізілді. Бұл үшінші доза. Ал осы үшінші дозаны қанша қазақстандық салдырған? Үшінші рет қай препаратты ектірген дұрыс?

Пфайзерден бастайық! АҚШ препараты енді елімізде сатылмайды. Оны тек балалар мен аяғы ауыр әйелдер және жасы 60-тан асқан азаматтар тегін салдырады. Ералы Тоғжанов, өткенде пфайзердің айналасында өрбіген әңгімеге осылайша нүкте қойды. Жоғарыдағы санатқа жатпайтын ел тұрғындары үшін «Спутник-V», «QazVak», «Biontech» «Hayat-Vax» вакцинасы қолжетімді. Мамандар, ревакциналау кезінде алғашқы қабылдаған екпені емес, өзге препаратты таңдауға кеңес береді.

Айнагүл Қуатбаева, ҚДСҰО филиалы «санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» директоры:

– Егерде сіз Спутник Ви вакцинасын алған болсаңыз, яғни векторлы вакцинаны алатын болсаңыз оған ревакцинанция жасау барысында басқа типтегі вакцинаны алуға кеңес береміз. Ал егер, инактивиривілген вакцинаны алатын болсаңыз ревакцинанцияға осы векторлы вакцинаны алуға кеңес береміз.

Енді ел азаматтары «Спутник Лайт» вакцинасын қабылдай алады. Ол бір компонентті вакцина. Оны екі рет салдырмайды. Бұның өзге препараттардан артықшылығы осы.

Мамандар екпенің тиімділігі - 80 процентке жуық дейді. Ресейден тасымалданған вакцинаның 150 мың дозасын, Қарағанды фармацевтикалық кешені ДСМ тегін гуманитарлық көмек ретінде берді.

Әйгерім Смаилова, «Ск-Фармация» ЖШС баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Қарағанды фармацевтикалық кешені «Спутник-лайт» вакцинасын министрлікке тегін гуманитарлық көмек ретінде берді. 00:39-00:48 Алдағы уақытта бұл вакцина еліміздің халқына короновирус инфекциясына қарсы вакциналауға қолжетімді болады.

Бүгінде елімізде 980 451 адам үшінші дозаны салдырды. Оның 122 мыңнан сәл астамы 60 жастан асқан азаматтар. Ал 100 мыңдайы медицина саласының қызметкерлері. Үкімет жоспары бойынша, биыл күзге дейін 9 млн адам қайта егілуі керек.

 

Сондай-ақ...